05 қар, 2021 сағат 16:48

2025 жылы мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 пайызға азайтылады - ҰЭМ


2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 пайызға дейін азайтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің атап өтуінше, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның «Бәсекелестікті кешенді дамыту» бағыты аясында тауар биржаларын дамыту, экономиканы одан әрі мемлекет иелігінен алу және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету іс-шаралары көзделген. 

«Нәтижесінде сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 80-нен 100 пайызға дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 пайызға дейін азайтылады. Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке дейін қысқартылады. Сонымен қатар 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған. Бірыңғай операторлар саны 1,6 есеге қысқарады», - деді Әсет Ерғалиев.