19 қар, 2021 сағат 14:57

2025 жылға қарай 800 мың жас тұрғын үй жинағы жүйесімен қамтылады


2025 жылға қарай 800 мың жас тұрғын үй жинағы жүйесімен қамтылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша балама іс-шаралар қабылдауда. Мысалы, қазіргі уақытта «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы жастардың тұрғын үй мәселелері бойынша базалық сұраныстарын шешуді көздейтін «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағытын қамтиді. Осы бағыт бойынша 2025 жылға қарай 800 мың жас адамды тұрғын үй жинақтары жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда», - делінген вице-премьер жауабында.

Ералы Тоғжановтың атап өтуінше, жастарға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша салымдарды толықтыру үшін бірыңғай зейнетақы төлемдерін пайдалану мүмкіндігі берілмек.