08 қар, 2021 сағат 12:20

2023 жылға дейін полицейлердің жалақысы 90 пайызға дейін өседі


2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысы 90 пайызға дейін өседі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызметкерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайын көтеру бойынша іс-шаралар қабылдануда. Бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтерілуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2023 жылға дейін полиция қызметкерлерінің жалақысын 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген. 

«Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант жалақысы 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.