Қаржы министрлігі "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылауға шығарды. "Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатта келер жылға бекітілетін ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жобаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге;
- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 40 567 теңге.
Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді.
Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең.
Заң жобасы жария талқылау үшін 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.
Айта кетейік, биыл сәуір айынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілген.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге, зейнетақыны ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге, ал ең төмен күнкөрiс деңгейi 37 389 теңгені құрайды. Жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге.