ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов «бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру және сатуды» жалпы жіктеуіште экономикалық қызметтің жекелеген түрі ретінде бөлуге қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) 2024 жылға дейін қолданылады және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың экономикалық қызмет түрлерінің статистикалық жіктемесін (NACERev.2.) ескере отырып әзірленді. Зергерлік және осыған ұқсас бұйымдар өндірісі ЭҚЖЖ 32.12 кодымен белгіленген және бағалы металдар жалатылған бағалы немесе жартылай бағалы тастардан немесе бағалы металдар мен бағалы немесе жартылай бағалы тастармен немесе басқа да материалдармен үйлескен зергерлік бұйымдар өндірісінің сыныптық тармағын қамтиды», - деп жазды Әлихан Смайылов жауапта.
Оның айтуынша, арнайы мамандандырылған дүкендерде сағаттар мен зергерлік бұйымдардың бөлшек саудасы ЭҚЖЖ 47.77 кодымен және сағат пен зергерлік бұйымдардың көтерме саудасы ЭҚЖЖ 46.48 кодымен белгіленген. Осылайша, жоғарыда аталған жалпы жіктеуіштер қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру және сату бойынша осы экономикалық қызмет түрін жіктеуге мүмкіндік береді.
Ақпаратта айтылғандай, салық төлеушілер саны ЭҚЖЖ бойынша мынадай салаларда көрініс тапқан: 1) зергерлік бұйымдар мен оған ұқсас бұйымдар өндірісі (2017 жылы – 186 адам, 2018 жылы – 200 адам, 2019 жылы – 216 адам, 2020 жылы – 211 адам, 2021 жылғы 9 айда – 197 адам); 2) сағат және зергерлік әшекейлердің көтерме саудасы (2017 жылы – 70 адам, 2018 жылы – 74, 2018 жылы – 2019 – 80, 2020-73, 9 айда 2021-79); 3) сағаттар мен зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сату (мамандандырылған дүкендерде – 2017 жылы 1230 адам, 2018 жылы – 1343, 2019 жылы – 1419, 2020 жылы – 1427, 2021 жылдың 9 айында – 1289).
«2017 жылы жоғарыда аталған санаттағы адамдардан бюджетке жалпы 2,5 млрд теңге салық түсті, оның ішінде ҚҚС – 1,5 млрд теңге. 2018 жылы – барлық салық 3,2 млрд теңге болса, оның ішінде ҚҚС – 1,8 млрд теңге, 2019 жылы барлық салық – 4,3 млрд теңге, оның ішінде ҚҚС – 2,4 млрд теңге, 2020 жылы барлығы 4 млрд теңге салық түскен, оның ішінде ҚҚС 2,7 млрд теңге, биылғы 9 айда барлығы 4,5 млрд теңге салық түсті, бұл бюджетке ҚҚС түсімінің айтарлықтай артқанын көрсетеді», - деді Премьер-министрдің орынбасары.