21 қаз, 2019 сағат 15:03

2020 жылы дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі

Бүгін Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетіні туралы айтты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру шеңберінде осы жылдың 1 маусымынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Жаңа бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру есебінен медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген» деді министр.

Біртановтың айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, мейірбикелердің жалақысын 20 пайызға ұлғайту ұсыныстары қолдау тапқан.