13 там, 2021 сағат 11:18

2020 жылдың жер және мүлік салықтарын қалай төлейміз?


Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.

«2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады», - делінген комитет хабарламасында. 

Мүлік салығының сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады. 

Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» бөлімінде көруге немесе осындай объектілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге болады.