2020 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2020 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Машина жасау саласы 116,3 пайыз деңгейінде тұрақты өсім көрсетті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер, өзге көлік құралдарын, электр жабдықтарын жасау, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті. Түсті металлургияда да оң динамика байқалды. Өсім - 2,8 пайыз. Оған тазартылған алтын, құйма алтын өндіру, түйіршіктердегі күміс, «Доре» қорытпасы, бастапқы алюминий өндірісі және басқа да көрсеткіштердің өсімі есебінен қол жеткізілді», - деді министр.
Оның айтуынша, қара металлургияда өсім 4,1пайыз болды. Арматура прокаты, рельстер, ферро-силико-марганец, арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі өсті.
«Фармацевтика өнеркәсібі ішкі нарықтың ең қажетті өнімдерге сұранысын толық өтеп, өндіріс көлемі 47 пайызға артты. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 15 пайызға өсті. Бұл тоқыма бұйымдары өндірісінің, киімнің және былғары өнімдердің ұлғаюына байланысты болды. Ағаш және тығын бұйымдары өндірісінің өсімі 43, пайызды құрады. Құрылыс материалдары өндірісі 1,8 пайызға артты. Өңдеу өнеркәсібіндегі оң динамикаға пандемия кезеңінде Үкімет қабылдаған қолдау шаралары, шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы есебінен қол жеткізілді», - деді Бейбіт Атамқұлов.