ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өтіп жатқан xалықаралық конференцияда өз жұмысының нақты нәтижелерін жариялады, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"2001 жылдан бері Қазақстанда жемқорлық үшін 10 мыңнан астам адам сотталды. Олардың ішінде 2 экс-премьер, 17 төраға, министрлер мен олардың орынбасарлары, 15 облыс пен қала әкімдері, ұлттық компаниялардың 8 топ-менеджері, күш құрылымдарының 8 жетекшісі, генералитет бар. Бұның барлығы адамның заң алдында тең екенін, қылмысты кім жасаса да, жазадан құтыла алмайтынын көрсетеді" - дейді Қожамжаров.
Оның айтуынша, аталған шаралардың арқасында xалықтың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сенетіндердің саны екі есеге артты. Ал пара беру жағдайлары төмендеді.
"Әрине, ұйымдастырушыдан бастап орындаушыға дейінгі барлық қылмыстық тізбекті анықтау жұмысына негізгі басымдық берген жөн. Ал, ең бастысы, мемлекет қаржысын жымқыруды әу бастан әшкерелеу керек", - деп атап көрсетті агенттік басшыс