06 нау, 2020 сағат 10:20

16 баланың анасы Өскемен қаласының құрметті азаматы атанды

Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова 16 бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала әкімі Жақсылық Омар батыр ана Наталья Красильниковамен кездесіп, оған «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын берді.

«Бүкіл өмірін бауыр еті балаларының болашағына арнаған отбасын нығайтып, қоғамның адал, сыйлы, еңбекқор мүшелерін тәрбиелеген адам үлкен құрметке лайық! Қала тұрғындары атынан Наталья Анатольевнаны мерекесімен құттықтадым, - деді шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында.

Бұдан бөлек Жақсылық Омар жас спортшы Анастасия Городкомен кездесті. Жуықта ғана ол фристайлдың могул түрінен Финляндияда өткен Еуропа кубогында рекордтық ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көтерілген еді.