Фото: Tengrinews.kz
Мәжіліс депутаты Зәкіржан Күзиев Алматы облысындағы жер мәселесін қозғады. Ол қарапайым халық жер теліміне қолжеткізе алмай отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Күзиев жер мәселесі Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындарымен кездесулерде жиі көтерілетінін айтты.
"Шағын адамдар тобы шабындықтар мен орман алқаптарын толығымен алып, қалағанын істеп жатқандығы наразылық тудырады. Бұл - туған жердің әр бөлігін қасиетті санайтын халықтың ашу-ызасын туғызады.
Кеген, Нарынқол қалаларында болдық. Егер Нарынқолды алатын болсақ, 415 мың гектар жер 20 адамға тиесілі. Кегенде 512 мың гектар 11 қожайынға тиесілі. Ұйғыр ауданында аңшылық жасайтын алқаптардың 97 пайызын алты адам жалға алған. Бұл - шамамен 415 мың шақырым жер. Тек Алматы облысының осы үш ауданында бүгінде бір жарым миллион гектар жер 30 адамның қолында", - деді депутат экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке жолдаған сауалында.