08 шіл, 2025 сағат 11:45

12 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды

Фото: ашық дереккөз

Бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп күдікке ілінген азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында орын алған оқиғада күдікті жәбірленушіні себепсіз бірнеше рет соққыға жығып, оның жақ сүйегін екі жерінен сындырған. Қылмыстан кейін ол елден қашып кеткен.

12 жылдан кейін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Дубай қаласындағы Қазақстан елшілігінің көмегімен, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері оны елге қайтарды.

Қазір ол Қазақстан полициясына тапсырылып, қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.