12 ақп, 2022 сағат 18:53

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды


Қазгидромет 13 ақпанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысының түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысының батыс жартысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жел15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстікте, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. қ. Шымкент: 13 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Павлодар облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында да 12-13 ақпанда кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 12, тәулік бойы 13 ақпанда екпіні 15-20 м/с.