Қаржылық мониторингі агенттігі мемлекетаралық іздеу жарияланған Әнуарбек Жексенғалиевті ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген Әнуарбек Болатұлы Жексенғалиевті ұстаған.
«Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлы және Медетбеков Еркін Қалқабайұлына іздеу жариялады. Олар 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілер бюджет қаражатын жымқыруды алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұйымдастырған», - делінген хабарламада.
25 сәуірде оларға мемлекетаралық іздеу жарияланып, агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы тағайындаған болатын.