Екі ай – 31 қазанға дейін Павлодар облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Ернұр Байғұрманов тергеу изоляторында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Пара алуға күдікті шенеунікті қамауға алу жөнінде санкцияны бүгін өңірлік тергеу соты шығарды.
- Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 4 бөлімі, 366 тармағы бойынша – қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара жөнінде басталған болатын, - деді сотта.
Тергеу бойынша, Ернұр Байғұрманов 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталған. Белгілі болғандай, онымен бірге екі әріптесі ұсталған.
Тергреу бойынша, Екібастұздағы банк және бірқатар коммерциялық ұйымдар және көмір өндіретін кәсіпорын кіретін «Заман» тобының жетекшісі Тасболат Абғожиновтың өтініші арқылы үш мемлекеттік қызметкер ұлттықбюро өкілдерінің назарына түскен. Тергеу сотында болған күдікті өз кінәсін мойындамады. Оның адвокаты Руслан Жанқабаев күдікті тергеу ісіне өзі араласқысы келетінін және ата-анасының 20 млн теңге тұратын баспанасын «кепіл» ретінде қалдырып, босатуды талап ететінін жеткізді. Алайда, сот ол талапты қабылдамады.
Еске салайық, Ернұр Байғұрманов Павлодар облыстық мемлекеттік кіріс департаментін бір жылдан бері басқарады. Байғұрмановтың отбасында екі кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Үлкені 13 жаста.