26 шіл, 2022 сағат 14:26

10-қабаттағы терезенің сыртында ойнаған балалардың ата-анасы жазаланды


Кеше Ақтаудағы «Атакент» тұрғын үй кешенінің 10-қабатында терезеден шығып, ернеуінде жүрген балалардың ата-анасы анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Ювеналды полиция дереу пәтерге барды. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ата-аналар Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды» делінген мәлімдемеде. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмауын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керектігін ескертіп отыр.