Фото: ia-centr.ru
«Капитал мечты» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы салымшыларға 1 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Капитал Мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10%-ын төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.
Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды" - делінген хабарламада,
Ведомство мәліметінше, қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.