Фото:elements.envato.com
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.
"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол.