18 там, 2021 сағат 15:06

1 қыркүйектен бастап қай өңірлерде электр тарифі қымбаттауы мүмкін?


Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай 1 қыркүйектен бастап қай өңірлерде электр тарифі өсуі мүмкін екенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде Табиғи монополиялар комитетінің аумақтық департаменттерінде жыл энергиясын өндіру, беру және жабдықтау, сумен қамсыздандыру сияқты реттелетін қызмет түрлеріне тариф көтеру туралы өтінімдер жатыр. Бұл тарифтерді қазір Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өзгерту қарастылырылып жатыр. Бірақ біз халықтың қалтасына түсетін салмақты барынша тежеп, азайтамыз. Халық үшін тариф көтерілмейді деп үміттенеміз», - деді Асхат Жапсарбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Мұның алдында комитет басшысы 1 қыркүйектен бастап бірнеше өңірде тұтынушылар үшін электр қуатының тарифі қымбаттайтын айтқан болатын.

«Тариф шамамен 1 қыркүйектен бастап көтеріледі. Электр өндірушілері үшін тариф 1 сәуірден бастап көтерілген болатын. 1 шілдеде тарифтердің бір бөлігін көтердік. Баяндамада 7 пайыз деп айтқаным осы болатын. 1 қыркүйектен бастап тариф көтеріліп үлгермеген өңірлерде өзгеріс болады. Сонда республика бойынша орта есеппен 3,5 пайыз пайыз болуы керек», - деген Асхат Жапсарбай.