14 қыр, 2021 сағат 19:18

1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады?



"Қазавтожол" ұлттық компаниясы пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір Нұрсұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.


Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.


"Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі", - деп нақтылады комитет.


Ведомствоның хабарлауынша, ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.


ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар.