28 қаң, 2021 сағат 14:21

1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады. Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалды. 

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады.

«Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз», - дейді Жомарт Қажымұратов

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.