Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық әл-Фараби оқуларының шеңберінде «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» (МTIJ) атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізу және әртүрлі елдердің ғылыми қоғамдастығының және тұрақты даму мақсатында халықаралық ұйымдарының диалогты және өзара әрекеттесуді ұйымдастыру үшін сапалы ғылыми алаң болуға арналған.
«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА (ТДМ)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ» АТТЫ
ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
Конференциядағы ғылыми пікірталас келесі бағыттарды қамтиды:
Өзгерістер аясындағы журналистік білім беру
- § Мамандыққа оқытудың жаңа алгоритмдері;
- § Онлайн-білім беру үдерістерінің технологиялық бағыты.
2018 жылдың медиа-трендтері
- § Әлемдік қауіп-қатерлер жүйесіндегі журналистика;
- § Тұрақты даму кластеріндегі медиасфера;
- § Медианы роботизациялау: формалар мен перспективалар;
- § Постшындық кезеңі және контентті тексеру;
- § Crowdlearning: аудиторияны зерттеудің жаңа деңгейі;
- § Кибер соғыстар және жеке қауіпсіздік тәуекелдер;
- § Тікелей ықпал ету журналистикасы.
ІІІ конференция (МTIJ): кеңес беру және диалог форматтары
Жаһандық журналистика: серіктестіктің жаңа моделінің перспективалары;
Негізгі спикерлер: Криста Пиккат, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы кластерлік бюросының директоры; Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің директоры; Сергей Карпов, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің басшысы; Марек Бекерман Albany Associates халықаралық аймақтық жобасының жоба директоры; Юсуф Калианго, Огайо университетіндегі Халықаралық журналистика институтының директоры, профессор; Ғалия Ибраева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректорының кеңесшісі; Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан журналистика Академиясының президенті; Ғалия Әженова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы; Марат Бигалиев, «Internews» Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы; Анна Сукачева, «Internews» жаңа медиа-кеңесшісі; Ольга Диденко, Интерньюс-Қазакстан заңгері; Әділ Жалилов, «MediaNet» Халықаралық журналистика Орталығының директоры; Мария Дубовицкая, ЕҚЫҰ саяси мәселелер және БАҚ Офис бағдарламасының Астанадағы ұлттық үйлестірушісі; Рафис Абазов, MDP бағдарламасының директоры, Колумбия университетінің адьюнк-профессоры; Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті; ф.ғ.к., Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті; Жұлдыз Әбілдә, «Жас өркен» ЖШС директорының орынбасары; Ербол Азанбек, АҚ «KaspiBank» баспасөз-хатшысы; Думан Смақов, Фактчек.kz редакторы т.б.
Конференция жұмысына сондай-ақ, БАҚ жетекшілері, бас редакторлар, журналистер, шет елдердің елшіліктері мен консулдық өкілдері, АҚШ, Ресейден келген ғалымдар мен зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Ресми серіктестер
Алматы қ. ЮНЕСКО кластерлік бюросы; БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаменті; БҰҰ (UNAI) Академиялық ықпал бағдарламасының жаһандық хабы; «MediaNet» халықаралық Журналистика орталығы; Қазақстан журналистер Академиясы; «Қазақ газеттері» ЖШС; «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ; «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
Байланыс ақпараты :
Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы - 8(727)3773443, 3773340. Ішкі: 1344.
Дудинова Елена Ивановна – 87771738947