20 қаң, 2020 сағат 10:15

Талдықорған мен Текеліде 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді

Бүгін Талдықорған мен Текелі тұрғындары сағат он бір жарымда 3-4 балдық жер сілкінісін сезді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықта, Текелі қаласы мен Руднечный ауылының арасында орналасқан.

Сейсмикалық станция 20 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 11:31-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырымда, Текелі қаласы мен Руднечный ауылының арасында орналасқан.

"МSК-64 шкаласы бойынша Текеліде 3-4 балдық, ал Талдықорған қаласында 3 балдық жерасты дүмпуі сезілді. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3. Магнитудасы MPV 4.7.

Тереңдігі – 20 шақырым.

19 қаңтарда Алматыда жер сілкініп, тұрғындар 3-4 балдық жерасты дүмпулерін сезген еді.