Қазақстандықтан Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке құрамы Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік еңбекақысын аударды.
Қаражат Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік қорының есебіне жолданған. Дәл осындай көмекті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де көрсетіп отыр. Нақтырақ айтсақ, агенттік 10 млн 334 мың теңгені «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына қаражат жіберді.
Сауабы мол ортақ істен ҚР Энергетика министрлігі де шет қалмады. Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық департамент қызметкерлері бір күндік жалақысын Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына жолдаған.
Сондай-ақ, аталмы министрлік ұжымы елдегі мұнай-газ, энергетика саласындағы кәсіпорындар мен компанияларды қиын қыстауға тап болған Арыстықтарға көмектесуге шақырған мәлімдеме де жасады.