Тамыздың 7-сі күні тарихы терең «Динамо» стадионында футболдан Алматы қалалық құқық қорғау органдары мен арнайы құрылым арасындағы «Динамо» Достық Кубогі турнирінің финалдық ойындары өтеді.
Бір жарым ай көлемінде Алматы гарнизонындағы 20 ұжымның аяқ доп шеберлері өз тобынан шығып, финалға жолдама алу үшін көптеген кездесулер өткізген болатын.

Қала тұрғындары мен қонақтарын, Футбол федерациясының өкілдерін, жас фтуболшылар мен футбол клубтарының тәрбиеленушілерін, құқық қорғау органдары мен спорт ардагерлерін сайысты тамашалуға шақырамыз! Кіру – тегін. Басталуы 18.30.
Айта кетсек, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің 18 мыңнан астам қызметкерлері 20 дене тәрбиесі ұжымына біріккен. «Динамо» ДШСҚ Алматы қалалық филиалы олардың арасында жоспарлы дене дайындығы жұмыстарын және қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізіп отырады.