12 там, 2019 сағат 13:24

Зорлық жасаған жолсеріктерге үкім шығарған сот өкілі де жауапқа тартылуы мүмкін – депутат

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев «Тальго» пойызында зорлық жасаған жолсеріктерге үкім шығарған судьяларға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталмыш сот өкіліне қатысты қызметтік тексеру жүргізу бойынша талап қоятын боламыз. Бірақ нақты тексеру болады деп айта алмаймын. Сот біздің мемлекетте биліктің тәуелсіз тармағы болып саналады. Ол Парламенттен де, Үкіметтен де тәуелсіз. Сонда да біз олардан қызметтік тексеру жүргізуді талап ететін боламыз. Халықтың өкілі ретінде депутаттық сұрау салуға хақымыз бар. Қазір менің атымнан Бас Прокуратура мен Жоғарғы сотқа, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының атына жазылған үш хат жатыр», - деді депутат.