#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Жыл басынан бері есірткі жарнамалаған 3500 сайт жабылды - ІІМ

  • 21.05.2019
  • 0
  • 525

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде есірткі қылмысымен күрес қалай жүріп жатқанын баян етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Синтетикалық препараттар әлеуметтік желілер арқылы «үндемей» келіп кіретін індеттердің бірі болып отыр. 2017 жылы біздің тиісті қызметтер 400 есірткі сатушы сайтты анықтап, бұғаттаған болатын. Ал 2018 жылы бұл статистика барынша көтеріліп, 5 мыңға тарта сайт бұғатталды. Осы жылдың 4 айының өзінде ҚР ІІМ 3,5 мың сайтты бұғаттап отыр. Яғни, бұл сайт арқылы, әлеуметтік желі арқылы есірткі саудасының қызып тұрғанын дәлелдейді», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылда қазіргі заманның үздік техникаларын пайдалану көзделіп отыр. Жалпы, есірткі қылмысымен күрес үш бағыт бойынша іске асырылады. Біріншіден, ішкі істер органдарының арнайы бөлімшелері ірі есірткі сатушыларды анықтауды көздеген. Екіншіден, интернет-ресурстар арқылы есірткі тарату қылмысы үшін Қылмыстық кодексте жауапкершілікті күшейту баптарын енгізу жоспарлануда. Үшіншіден, министрліктің орталық аппаратында ақпараттық-коммуникациялық жүйедегі есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелерімен айналысатын бөлініс бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР