20 қыр, 2019 сағат 10:51

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Өзіне Qazaq style лақап атын таңдап алған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 9 қарашада өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан facebook парақшасында жазды.

«9 қараша. Әлем тағы да QAZAQ STYLE-ды тамашалайды», - деп жазды Берік Сұлтан.

Еске сала кетсек, соңғы айқасында Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы канадалықты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.