10 қар, 2019 сағат 08:35

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Титулдық жекпе-жекте алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды .

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізді.

26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғап қалды.

Еске салсақ, ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.