14 жел, 2018 сағат 23:42

Жаңа нысан - жастар үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына арнайы ат басын бұрып, жаңа нысандардың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соның бірі — аудан орталығындағы «Жастар сарайы». Темірлан ауылындағы ескі кинотеатр ғимараты жеке меншіктен 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 15 млн. теңгеге сатып алынып, Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілген. Аудандық бюджет есебінен 2018 жылы 134400,0 мың тенгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2011 жылы 24 маусымда аудан әкімінің №211 қаулысына сәйкес, ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылып, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында жұмыс жасауда.

Орталықта 17 жас маман жұмыс істейді. Оның ішінде 10 шаттық бірлік 2013 жылы 1 шілдеден бастап берілген. Бұл нұсқаушылар әр ауыл округіне бекітілген, ауыл округ әкімдіктерінің ғимаратында орналасқан. 2017 жылдың тамыз айынан бастап «Әлеуметтік психологиялық сектор» жастар ресурстық орталығынан ашылып жұмыс жүргізуде. Техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.