26 нау, 2020 сағат 21:13

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам тiркелді

Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам тiркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

27 наурызда сағат 00:00-де Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдай бойынша індетті жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді, 

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, ал жалпы республикада 113 науқас тіркелді.