09 ақп, 2019 сағат 11:31

Юлия Галышева - фристайл-могулдан әлем чемпионы (Видео)

Американың Парк-Сити қаласында өткен могулдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл - Юлияның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Финалда біздің спортшы 79.14 ұпай жинап, қарсыластарын шаң қаптырды. 

Күміс жүлде аустралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78.99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.

Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков финалдық кезеңге өткен болатын. Алайда, үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-орынмен аяқтады. 

Ал Аяулым Әміренова, Александр Геберт және Сергей Романовтар іріктеуден өткен жоқ. 

Еске сала кетейік, құрама көшбасшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты әлем чемпионатынан сырт қалды.