#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

«Виртуалды адамдар, үй жануарлары және виртуалды мәңгілік»

  • 25.10.2019
  • 0
  • 1840

Осыдан бірнеше апта бұрын Сан Диегодағы Qualcomm-ның қашықтан ұйымдастырған іс-шарасында 5G қосымша шынайылықтың аватарларын «шынайы» түрде көрсетті. Бұл жетістікке спектральді жиіліктің жоғарылығы мен тежелу уақытының төмендігінің арқасында қол жеткізіп, процесс құрылғыдан бұлтық жүйеге ауысқан.

Деректерді тарататын орталықтар тежелу уақытын барынша азайтқандықтан, біз виртуалды үй жануарларын ұстап, өзімізге виртуалды достар таба аламыз. Тіпті көптеген алыс аймақтарға виртуалды түрде барып қайта аламыз. Виртуалды шынайылықтың көмегімен сіз өзіңізді сол жердегідей сезінесіз. Бұл дрон немесе қандай да роботпен саяхаттаған сияқты емес. Яғни, сіздің аватарыңызды сол жердегі адамдар көре алады.

Бұл дегеніміз адамдар мен үй жануарларының цифрлы клондарын жасап шығаруға үлкен мүмкіндіктер ашады. Жақында ғана адамның алғашқы цифрлы клоны жасалды және бұл болашақта көптеген қызықты жаңалықтарға сеп болады.

Дей тұрғанмен, қосымша шынайылықты (augmented reality) жасау үшін үш түрлі кедергі бар:

1. Оптика. Құрастырушылар суретті шынайы етіп көрсетіп, оны біздің шынайылыққа ұқсатып жасау керек. Қазіргі таңда қосымша шынайылыққа арналған көзілдірікте біздің әлем толық көрінбейді, ал адамның аватары мультфилмьдегі елес сияқты болады.

Оның үстіне көзілдіріктер киюге ыңғайлы әрі әдемі болу керек. Мысалы, 3D теледидарларға арналғандай сиықсыз көзілдіркті ешкім де кигісі келмесі анық.

2. Есептеу құралдарының жылдамдығы. Виртуалды саяхаттарға керекті компьютердің есептеу күші өте жоғары болу керек және ол сіздің денеңізге киілу керек. Алайда HP-дің қос батареясымен жабдықталған компьютерді арқаңызда тасып жүру сізді шаршатып, қартайтып жібереді. Тіпті сіз күткендей нәтиже бере алатынына күмән көп.

3. Мазмұн. Қазіргі таңда жиһаз сияқты жансыз заттарға қолда бар 3D сканнерлердің көмегімен мазмұн құрастыру қиын емес.

Алайда, виртуалды үй жануары шынайы үй жануары сияқты көрініп немесе виртуалды адамның да шынайы болғанын қаласақ, олардың тұлғасын кодтау керек. Бүгінге дейін бұл біз үшін қол жетпес арман болып келген еді.

Процессті бұлт жүйесіне ауыстырған кезде үлкен құрылғыларды өзімізбен көтермейтін боламыз. Сәйкесінше, екінші проблеманың да шешімі табылды. Сонымен қатар, қосымша жұмысты жасанды интеллектіге берген кезде, ол шынайы адам немесе жануар сияқты болады.

Оптика мәселесін шешу үшін көзілдіріктің әйнегін ауыстыру керек. Бірақ қолданушыларға ыңғайлы болатын оптикалық көзілдірікті жасап шығару үшін де уақыт қажет болады. Адамдар күннен қорғайтын көзілдіріктерден басқа, өзге дизайнмен жасалған көзілдіріктерді кие бермейді. Сол себептен күннен қорғайтын көзілдіріктің дизайны жоғарыдағы мәселенің жақсы шешімі бола алады.

Виртуалды жануарлар, виртуалды адамдар

Жұмысқа жаңа кірген адамдар немесе жиі іс-сапарға шығатын қызметкерлер өздерімен бірге үй жануарларын алып жүре алмайды. Үй жануарын өздерімен бірге алып жүрген күнде де, оларды кеңселерге кіргізу қиындық туғызады. Кейбір компаниялар үй жануарларына рұқсат бергенімен, көбісі тыйым салған. Сондықтан, үй жануары бар адамның жақсы жұмысқа тұрып, алға қарай дамуы қиындық туғызуы мүмкін.

Ал сіз өзіңіз ғана көре алатын виртуалды үй жануары болғанын қалар ма едіңіз? Егер сіз жасанды интеллектімен жұмыс істейтін болсаңыз, ол сіздің ақылды жолсерігіңіз әрі сізбен ғана сөйлесетін айнымас досыңыз бола алады. Сіздің жақсы досқа деген қажеттілігіңізді үй жануарын асырамай-ақ қамтамасыз етуге болады.

Ерекше қабілетке ие ақылды үй жануарын жасап шығарғанымыз сияқты, сіз виртуалды адам да жасай аласыз. Виртуалды досыңызды өзіңіз ұнататын адамға ұқсатып жасап, сізге ұнамайтын жақтарын өзгерте аласыз. 

Сіз тіпті өзіңізді де қайтадан жасап шығарып, ең жақсы виртуалды клоныңызға қол жеткізуге болады. Ол сіздің ең сенімді серігіңіз бола алады, себебі адам баласы басқадан гөрі өзіне көбірек сенеді. Өзіңіз түсінгендей, виртуалды егізіңіз мәңгілік өмір сүріп, ұрпақтарыңызға ақыл айтып отыратын болады. 

Сол сияқты, цифрлы технологиялар компьютерлік ойындарға көп үлес қосады. Құрастырушылар бір командада шынайы және виртуалды ойыншыларды араластыра алады. Сіз тіпті ең жақсы ойыншыларды клондап, оларды ақылы түрде басқа командаларға бере аласыз.

Сөз соңында

Жергілікті бұлт жүйесінің орталықтанған бұлт жүйесіне ауысуы біздің шынайы өмірді қалай қабылдауымызды түбегейлі өзгертеді. Сол арқылы біз шынайы және виртуалды достар жасап, тіпті өзіміздің цифрлы әлемде мәңгі қалуымызға мүмкіндік сыйлайды.

Әрине, бұл көптеген адамның шынайы дос пен үй жануарының орнына виртуалды серікті таңдауына жол ашуы мүмкін. Дегенмен, соның арқасында өзімізбен жұмыс істеп, адам ретінде ең жақсы нұсқамызды таба аламыз. Тіпті балалар да біздің жақсартылған моделімізді көріп өсуіне жағдай туындайды.

Жоғарыда айтылған технологияның жетістігі әлемде алдағы бірнеше онжылдықта орасан зор өзгерістердің орын алатындығынан хабар береді. Кезінде сиқыр секілді көрінген дүниелер қазір шынайылыққа айналып, балаларымызды өзіміздің жақсартылған виртуалды клонымыз тәрбиелейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы:  technewsworld.com

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар