25 мау, 2019 сағат 12:52

Үйінің жанына снаряд түскен Арыс тұрғыны құтқарылды (Видео)

Дәл үйінің жанына снаряд түскен Арыс тұрғынын полиция құтқарды. Полция қызметкерлерінің қарт адамды үйінен шығарып келе жатқаны бейнеленген видеоны Түркістан облыстық полиция департаменті таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс қаласының мына тұрғынының үйіне тақау жерге снаряд түскен. Жарылыс толқыны үйдің шатырын жұлып кетіпті. Қарт адамды көмекке дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері құтқарып қалды», - делінген бейнематериалдың аңдатпасында.