29 қаз, 2016 сағат 16:30

Руслан Мырсатаев гана боксшысын бірінші раундта ұрып жықты

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев ганалық Наху Азумиді алғашқы раундта нокаудқа жіберді. 

Отандасымыз Наху Азумиді бірінші раундта-ақ ұрып жықты. Русланның жойқын соққысы гана боксшысын есеңгіретіп тастады. Бұл - Русланның кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі.

Айта кетсек, бүгінгі бокс кешінде алғаш боп шаршы алаңға көтерілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жұман Жұмабеков беларусь боксшысы Владимир Ивановты айқын басымдықпен жеңді. Екінші боп жұдырықтасқан Айдар Шәрібаев испан боксшысы Хуан Окурадан басым түсті. 

Үшінші жеңіс тойын Али Ахмедов тойлады. Ол әзірбайжандық Али Маммедовті алғашқы раундта айқын ұтты.

"Ұлт-ақпарат"