20 қаң, 2017 сағат 08:10

Универсиада күндері Шымбұлаққа шығу тегін болады

Қысқы Универсиада-2017 аясындағы жарыс күндері «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайындағы «Медеу-Шымбұлақ» гондолды жолымен жүру жарыстарға билет сатып алғандар үшін тегін болмақ.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайында келесі дисциплиналарда жарыстар өтеді: слалом, қатарлас слалом, слалом-гигант, қатарлас слалом-гигант, супер-гигант, комбинация (супергигант, слалом), шаңғы кросы, сноуборд-кросс, слоупстайл, жұптық могул.

Осы жарыстарға билет сатып алғандардың барлығы гондол стансасында вагоншаға отыратын кезде билетін көрсеткен жағдайда, гондол жолын тегін қолдана алады.

Универсиаданың дирекция өкілдері жарыстарға арналған билет саны шектеулі екенін атап өтуде, сондықтан аса әсерлі сайыстарды көрем деушілер билеттерді тездетіп сатып алғаны жөн.

Алматылықтар мен қала қонақтары Универсиада жарыстарына билеттерді Б. Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, Мемлекеттік цирк, Республика сарайы, сондай-ақ, «Меломан» желісінің кассаларында сатып ала алады. Сондай-ақ, билеттерді онлайн арқылы almaty2017.com, fisuticket.com және kassir.kz. сайттары сатады.

Универсиадау-2017 жарыстарына сатылатын билеттердің негізгі бағасы 300 теңгеден бастап 3500 теңгеге дейін. Ал Универсиаданың ашылу салтанаттарына арналған билет құны 5000 теңгеден басталып, 15000 теңгеге дейін жетеді. 

"Ұлт ақпарат"