#
#
Жексенбі 21/01/2018

Ұлттық рухты асқақтатпай рухани жаңғыра алмаймыз

  • 12.01.2018
  • 1
  • 368

«Білімді – оқығанына, көргенсіз – тәжірибесіне сүйенеді».

Цицерон.

Ең алдымен елдік, ұлттық рухты, ой-сана мен намысты бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде көкке асқақтатпайынша рухани жаңғыру мен кемелдікпен жаңарудың ұтқыр сәті түспейді.

Қазақ «Ештен кеш жақсы» демекші, осыған орай 2017 жылы қоғамдық талқылауға түскен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы біз көптен бері көтеріп келе жатқан ұлттық өзекті мәселелердің түйіндерін тезірек шешсе, ұлтқа серіппедей серпіліс пен сілкініс әкелсе, нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.  Бұл үшін ел болып, ортақ ұлттық іске бір кісідей жұмыла білуіміз керек. Енді осынау мақаладағы бағдарды қоғам болып талқылап, одан жуық арадағы онжылдықтарда не істеуіміз керектігі туралы нақты бағдарламалар құру, ұтқыр бағыт-бағдарымызды жүйелеу сіз бен біздің, яғни, қоғамның ең айтулы міндеті.

Біз, қазақ елі дамылсыз дамыған, кемелдік пен өркениетке жеткен мемлекет қатарында болғымыз ке­летіні сөзсіз. Бұл заңды құбылыс. Алайда қоғамды, мемлекетті дамытатын ұлы күш – адам. Бұл теңдесі жоқ ең басты алтын қор. Бұл ең негізгі мәңгі байлық – осы адам. Олай болса, әр адам, қоғамдық құрылым ең алдымен нен­дей аса қатерлі дерт пен кесапаттан тезірек арылуға тиіспіз?

  1. Құлдық санадан, 
  2. Парақорлықтан,
  3. Жемқорлықтан, 
  4. Жағымпаздықтан,
  5. Сатылымпаздықтан.

Ол үшін не керек?

  • «Ұлттық жаңғыру» имани оқу – ағартушылық бағыты озық дәрежеде болуы керек,
  • «Ұлттық құндылықтар мен асылдықтарды құнттау» бағыты керек,
  • Ұлттық – өнім, ұлттық брендті қалыптастыру керек,
  • Жаңғырған БАҚ – сана жаңғыруының қозғаушы үлкен күшін жасақтау керек,
  • Конструктивті сын – ұлттық даму мен кемелденудің мәңгі кепілі екенін кемел кісілікпен мойындап, қолдау мен қорғаудың алтын бағыт-бағдарын тезірек жасақтау керек,
  • Ұлттық жанқияр қайраткерлерді үнемі ұлықтау мен оларды қолдап отыруды озық дәрежеде үйлестіруді, қалыптастыруды жедел түрде қолға алу керек.

Адамзат тарихында халықты, ұлтты, ұрпақты қалай болған күнде де жан-жақты терең ойланта білуден, толғанта білуден, елдікті, қоғамдық дамуды саралай білуге құлшындырудан, өмірлік жаңа серпілісті сілкініске түсіруден асқан құдіреттің болуы мүмкін бе?! Жоқ.

Кемел толық адам болуға, ұлттық тұлғаға айналуға мүдделі адамды даңққа бастайтын,  межелі мұратқа жеткізетін жол біреу, ол – жаңашылдығы мен бастамашылдығы зор, ізденімпаз еңбекқорлығы мол, қайтпас, қажымас қажырлы еңбек қана. Ендеше ұлттық ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін біздің ой-санамыз істерімізден анағұрлым озып жүруі, яғни одан бұрынғыдан да бетер жаңаша жаңғырып, жаңарып, асылданып оты­руы тиіс. Сонда ғана ұлттық ұтқыр істеріміз алға озуды арттыра түседі.

Молдағали МАТҚАН

1 пікір

  • ШӘКІРТТЕРІ ҚАЙТАЛАЙДЫ:Дүйсенбі, 15.01.2018

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы.Дүйсенбі, 15.01.2018
    1 июн 14, 09:13 - # проф. Совет-Хан Ғаббасов 31.05.2014 21:33
    -------------Ақберен айналайын, мынау сан-саққа ой жүгірткен мақалаң... мені қатты ойландырды. Осылайша ойлануға ұмтылған... сендердің буындарыңа ризашылық сезімім мен шерменде жатқан үмітім де оянғандай болды. Сен - неге... неге... -деген сұрақтың жауабын іздегеніңмен табалмағаның анық. Әйтседе, бұл сұрақтың жауабын иісі Қазақ баласы болып іздеуге тиісті. Міне осы ізденуге қозғау салғанның өзі де көп жетістік. Мұны оқып шыққан әр азамат, бос сөздің құлы болмай... НАҚТЫ ПІКІРЛЕРІН ортаға салса, нағыз игілікті іс болмақ ?!!.. Олай болса менің ұсынатын нақты пікірім төмендегідей :
    ---------- І. Халық рухани сілкініс жасап, қолынан келетіні... бауырынан дүниеге келген балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл аударуы ауадай қажет. Дәуір ауысуына сәйкес... келген уақытты түсініп, АЛЛАНЫҢ құдіретімен әзірше бізге ғана... Қазаққа ғана түсіп тұрған, - "ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН" - дереу жаппай қолға алып, шындығында да "...НЕМҚҰРАЙЛЫҚ ..." пен ЕНЖАР- САЛҒЫРТТЫҚТЫ жою керек. Бұл ІЛІМ - бұрынғы тәрбиедегі "ТӘН ҚҰМАРЛЫҚТАН" оздырып, жаңа буынды "ЖАН ҚҰМАРЛЫҒЫНА" ауыстыратыны ғылыми дәлелденгені анық. Мұны біреуден сұрап алардай... қолға түспейтін нәрсе емес. Бұл ІЛІМ бірнеше басылым кітап болып шыққан. Бұл кітаптардың аттары : - "Ізгілк әліппесі" - "Халық педагогикасының негіздері" - "Педагогика мен Психология негіздері" - "Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі" - авторы Совет-Хан Ғаббасов болады. Осылайша, Халық -өзін-өзі түзеуге кіріседі. Қазірдің өзінде бұл технологиямен өмірге келген балалар арамызда аса үлкен жетістікпен көріне бастады...
    ---------- ІІ. МЕМЛЕКЕТ пен ХАЛЫҚТЫ басқарудағы кемшілік ! Мемлекетті басқарудағы құдіретті ҮШ ЖҮЙЕ бізде жоқ. Олар қоғамды - БАСҚАРУ - ҰЙЫМДАСТЫРУ - ҚАДАҒАЛАУ - жүйелері болып табылады. Дүние жүзінде бұл ҮШ ЖҮЙЕНІ жақсы меңгерген ЖАПАН елінен үлгі алуға болады...
    ---------ІІІ. Қазақ өз ҰРПАҒЫН өзі аздырып отырған халық. АНА ТІЛІНІҢ құдіретін тсінбеуден... өз балаларын басқа тілде оқытып, Өзінен туған баласына қаскүнемдік жасаудан жаңылар емес. Ең әуелі - "СӨЗ" (слова)- пайда боғанын... Талмутта да, Інжілде де, Құранда да бекер айтпаған ғой. Тек ТІЛ ғана - ата-баба зердесімен байланыстыратыны ғылымда баяғыда дәлелденген. Ғылымда - филогенетикалық зерде - делінеді. Міне, ТІЛІ орысша шыққан Қазақ баласы өзінің ата-бабасының зердесінен АДА қалады. Ал ТЕГІ басқа болғандықтан... ол бала Орытың да ата-баба зердесімен де қосыла алмайды. Мұндайларды - Космополиттер немесе Шалақазақтар - деп атап жүрміз. Бұларға - ұлттық құндылық - дәстүр мен салт, тіпті Отаннын да құрметтеу қиын соғады. ЭЗЕТЕРИКАЛЫҚ ІЛІМ де - бұларды ІБІЛІСТІҢ - І-ші көмекшісі дейді. Мен ұсынатын ПІКІРЛЕР әзірше осы. Иісі Қазақтың баласы Ұлт пен Халқың керек болса тыңда ! ҰЛТ ТАҒДЫРЫ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ...

Пікір қалдыру

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар