20 сәу, 2017 сағат 08:52

Ұлттық арнада «Парасат майданы» атты жаңа жоба басталады

21 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Парасат майданы» атты жаңа жобаның тұсауы кесіледі.

Бұл жоба мәдениет, ғылым, өнер және әдебиет салаларындағы білікті мамандардың пікірсайысын ортаға салмақ.  Әр саладағы аға буын мен жас буын өкілін студияға шақырып, бай  тәжірибе мен  қазіргі заман жаңашылдығын салыстырып  қызу талқылайтын болады. Сондай-ақ, қазіргі қоғамның даму бағытына, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге руханият өкілдерінің төрелік айту беделін қалыптастыру. Жан-жақты  білімді, әлемнің үздік тәжірибесін игерген, жаңа ойлау үрдісіндегі азаматтардың тұлғалық портетін насихаттау.

Бағдарламаны белгілі журналист Дархан Әбдік жүргізетін болады. Әр хабарға 2 кейіпкер қатысады.  Жүргізуші сұрақтарды қонақтардың бұрын-соңды айтып жүрген батыл ойлары, тың пікірлері төңірегінде өрбітеді. Ортаға салынған ой-пікірден көрермен өз іздегенін тауып, сұрақтарына жауап алады.