13 нау, 2020 сағат 13:44

УЕФА Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының барлық матчын тоқтатты

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының барлық матчын ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы УЕФА-ның Twitter-дегі парақшасында хабарланған.

Еске сала кетейік, лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталған болатын.

Ал белгілі футболшы Криштиану Роналду карантинге жатқызылды. Сондай-ақ, лондондық «Челсидің» 19 жастағы шабуылшысы Каллум Хадсон-Одои коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.