26 мау, 2017 сағат 20:25

ҰБТ-ның алтыншы күнінің қорытындысы жарияланды

2017 жылдың 25 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген 4202 талапкердің 4113-і (97,88%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 3428, орыс тілінде - 685 адам сыннан өткен. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күнінде 4348 тыйым салынған зат алынды.

Орташа балл - 78,94.

Ағымдағы жылы ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтіп жатыр. ҰБТ-ны 92 827 талапкер тапсырады, оның 69 209-і - қазақ тілінде және 23 618-і  - орыс тілінде.