29 нау, 2020 сағат 13:49

ТЖ кезінде әлеуметтік төлем алатын азаматтар тізімін кеңейтілді

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді

Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ).

Енді оларға:

- азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар (бұдан әрі - АҚК), мәні жұмыстарды орындау болып табылатын (қызметтер көрсету), салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді.

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.