#
#
Жексенбі 07/06/2020

Түркістан қаласында төтенше жағдай кезінде де құрылыс бәсеңдемейді

  • 03.04.2020
  • 0
  • 238

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанда құрылысы қарқын алған бірқатар нысанды аралап, елдегі төтенше жағдайға қатысты талаптар мен сақтық шараларының қатаң сақталуын тексерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы желілік саябақты көріп, қалалық Арбатты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағында болды. 11 гектар жерде орналасқан желілік саябақта аттракциондар, салт- дәстүрімізді дәріптейтін сәулет өнерінің туындылары орналасқан.

Өмірзақ Шөкеев Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен жолы» құрылысының басында болды. Қаладағы Бекзат Саттарханов көшесінің бойында жайғасқан ауқымды саябақтың абаттандыру жұмысын тексерді. Онда жұмыс кестесіне сәйкес суару, дренаж жүйелерін жүргізу, су бұрқақ орнату, сәндік су айдыны және көшеттер отырғызу жүріп жатыр. Ашық аспан астында орналасқан ауқымды бақта ашық бассейн, сусыз фонтан құрылысы қызу жүруде. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан бұл аумақ халықтың сүйікті демалыс орнына айналады.

Ал, қаланың рухани – мәдени орталығында орналасқан ғылыми-әмбебап кітапханасында сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс басшысы Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысын аралады. Аталған нысанды қаржыландыруды Түркістан мен Ақтөбе облысы бірігіп жүрізеді. 4 қабатты ғимараттың жалпы көлемі 9 700 шаршы метр. Мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талапқа сай салынуда. 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ болады.

Облыс әкімі құрылыс басшыларына жұмысшылардың сақтық шараларын қатаң бақылауды, елдегі төтенше жағдайға орай бекітілген барлық талаптарды сақтауды тапсырды. Құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді.

Қаладағы Қ.А.Ясауи мұражайының сыртқы беті қапталып, ішкі қабырғалары қаланып жатыр. Өмірзақ Шөкеев сондай-ақ Ясауи кесенесінің айналасында жүріп жатқан ауқымды жұмыс барысын аралап көрді. Қасиетті кесененің айналасын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары аясында ландшаф дизайнына ерекше назар бөлінген. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар