#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Тұрғымбаев Ақтаудағы түрмені аралап, сотталушылардың арыз-шағымын тыңдады

  • 11.10.2019
  • 0
  • 182

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ басшысы сапар барысында қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерімен бірге ГМ 172/6 аса жоғары қауіпсіздік мекемесінде болды. Бұл колонияда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 500 сотталушы жазасын өтеуде.

ІІМ басшысы сотталғандарға тұрмыстық, медициналық-санитарлық көмек көрсету жағдайын тексерді. Аталған мекемеде жазасын өтеушілердің жұмыс істеп, еңбекақы табуға мүмкіндігі бар.

«Айына 20 мыңнан 50 000 теңгеге дейін табыс табамыз, ақшамызды туысқандарымызға жіберіп көмектесеміз. Бірқатары электрмен дәнекерлеу, келесі біреуі жиһаз, матрас жасайды. Жұмыс киімдерін де тігеміз. Барлық жағдай жасалған, ешқандай шағымымыз жоқ», - дейді сотталғандардың бірі.

Сотталғандар министрмен әңгіме барысында тамақ сапасының жақсаруына ғана емес, сәлем-сауқатты өткізу көлемін 14 келіден 20 келіге дейін арттырғаны және телефонмен сөйлесу уақытының 21:00-ге дейін ұзартылғаны үшін алғыс айтты.

Бұдан соң министр мекемедегі сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдау барысында олар ведомство басшысына өз өтініштерін айтып, сұрақ қойды.

Жұмыс сапары барысында ішкі істер министрі Ақтау қаласы полиция басқармасының фронт-офисінің және «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін Көші-қон қызметі орталығының жұмысымен танысты. Көші-қон қызметі орталығында шетелдіктерге ЖСН рәсімдеуден бастап, азаматтық алғанға дейін еңбек ету үшін рұқсат беру бойынша толық қызмет спектрі көрсетіледі.

Орталықта полиция тарапынан халыққа ұсынылатын қызметтерді алуға болады. Атап айтқанда қару тіркеу және оны сақтауға рұқсат беру, күзет қызметі үшін лицензиялар, газ құрал-жабдықтарын орнатуға рұқсат беру және әкімшілік айыппұл төлеу және басқалар.

ІІМ басшысы қаланың теңіз жағалауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Каспий» стационарлық полиция бекетіне барды. Ұзындығы 11 шақырым болатын құмды жағалауды патрульдеу жол талғамайтын электрокарлар мен квадроциклдердің көмегімен жүзеге асырылады.

Ерлан Тұрғымбаев полиция, ТЖ және ҚАЖ департаменттерінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізіп, 9 айдағы жұмыстың қорытындысын шығарды.

Ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері адал қызметтері үшін «Ішкі істер органдарының үздігі» кеуде белгісімен, сондай-ақ грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар