#
#
Бейсенбі 12/12/2019

Тұңғыш президент күніне орай «Шығыс базары» жәрмеңкесі өтеді

  • 28.11.2019
  • 0
  • 666

29 қараша мен 1 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнін мерекелеу аясында Алматыда «Шығыс базары» дәстүрлі Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Аталған шараны ҚР Мемлекеттік орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп ұйымдастырады.

Жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген шеберлердің сыйлық және кәдесый өнімдерінің кең спектрі ұсынылады. 

Қолданбалы өнер бұйымдары – бұл материалмен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері, формалардың, идеялардың, олжалардың, стильдердің алуан түрлілігі. Бүгінде әрбір үйде халық шеберлерінің шығармалары бар. Олар біздің өмірімізге эстетикалық сезімге жауап беретін көркем туындылар ретінде кіреді, ауылдық және қалалық тұрғын үйлердің әшекейіне айналады, - делінген хабарламада.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына киім, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, киіз және жібек бұйымдары, тоқыма және тоқылған заттар, кілемдер мен шамдар, амулет және былғары бұйымдар ұсынылады.

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында ҚР Тұңғыш президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында көркем мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары арасында «Ұлттық тақырыпта натюрморт» атты халықаралық көркем шығармалар байқауы өтеді. Сондай-ақ, музейге келушілер үшін көркем сурет салу бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылады.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар