07 сәу, 2017 сағат 18:06

Туған күнін мешітте тойлаған Қарақат Әбілдина көптің сынына ұшырады (видео)

Қарақат Әбілдина Астана қаласындағы Хазірет Сұлтан мешітінде туған күнін атап өтті. Әнші өзінің төл мерекесіне өнер әлемінде қатар жүрген қыз-келіншектерді ғана шақырған екен. Желіде таралған видеода әншілер қауымының туған күнді әндетіп қарсы алғаны анық байқалады. Бұл желі қолданушыларының наразылығын туғызды.

«Құдай үйі саналатын мешітте ән шырқап, туған күн тойлауы дұрыс па? Егер ол жетім-жесір, жарлы-жақыбайларды жинап ас бергенде құптауға болар еді. Ал бұл әрекетін ақтауға келмейді. Атағын шығару үшін мешітті қолданып отыр. Ал мұндай бассыздыққа мешіт әкімшілігі неге рұқсат береді?», – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Мешіт төрінде дүркіретін өткізген туған күн кешіне Қарақат «Үміт көктемі» деген атау беріпті.