02 мам, 2019 сағат 09:22

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған», деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.