#
#
Сенбі 20/07/2019

Тоқаев ғимаратты 3D модельдеумен жобалайтын кешені бар Оралдағы колледжге барды

  • 13.05.2019
  • 0
  • 345

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы цифрландыру бағытында білім беруге басымдық беретін колледждің жобалармен танысты. 

Елімізде алғаш рет ғимараттардың пішінін үш өлшемді 3D модельдеу әдісімен жобалай алатын кешен осы ақпараттық технологиялар колледжінде іске асырылған. Мамандар бұл технологиямен жұмыс істеу үшін 3 ай Финляндияда оқып қайтты. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына STEM білім беру бағдарламасы таныстырылды. STEM академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамасы – нақты өмір үлгісінде оқытатын интеграцияланған оқыту әдісі. 

– Қазіргі кезде сапалы білім беру және қажетті мамандықтар бойынша оқыту аса маңызды. Колледждерде білім берудің жаңа мазмұнын енгізу жұмыстарын алғашқылардың бірі болып сіздердің өңірлеріңіздің бастағаны қуантты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысына өңірде цифрландыру бағдарламасы аясында қолға алынған «Ашық әкімдік», «SmartUralsk», «IkomekUralsk» жобалары таныстырылды. 

Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев колледж студенттерімен әңгімелесіп, білім саласын қолдау ісі жалғаса беретінін атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар