#
#
Жұма 03/04/2020

Теннисші Елена Рыбакина Дубай турнирінің ширек финалына шықты

  • 19.02.2020
  • 0
  • 190

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған чехиялық Катерина Синяковамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық спортшы бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:3.

Екінші сетте де брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын ірі доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің үшінші, осы турнирдің 2-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Дубайда Аустралия чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар