#
#
Сейсенбі 28/01/2020

Тегін тіс емдеу көмегі кімдерге тиесілі

  • 10.01.2020
  • 0
  • 278

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін стоматологиялық көмекті кімдер ала алатынын Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облыстық филиалының мамандары айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шұғыл стоматологиялық көмекті келесі санаттағы азаматтар ала алады:

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- жүкті әйелдер;

- ҰОС қатысушылары;

- 1,2,3 және 4 топтағы мүгедектер;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналар;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

- зейнеткерлер (жасы бойынша);

- инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар.

«Шұғыл стоматологиялық көмекке жіті ауырсыну жағдайлары жатады. Көмек химиялық қатаю композиттік материалдарынан жасалған жансыздандыру, препараттау және пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлып тастау, периостотомия, абсцесстерді ашу жатады», - деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы бөлімінің бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Жоспарлы тегін стоматологиялық көмекті (ортодонтикалық және ортопедиялық көмектен басқа) дәрігердің жолдамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ала алады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР