06 қаз, 2017 сағат 10:57

Тараздық ақылды бала әйгілі Стивен Хокингпен кездесті

5 жастағы балалар церебралды сал ауруына шалдыққан мектеп оқушысы, тараздық ақылды бала Исаак Мустопуло Лондонда физик-теоретик, профессор Стивен Хокингпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесу Ұлыбританияға жасалған оқыту-таныстыру сапары аясында жасалды. Бұл туралы Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кездесуді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Эйр Астана» президенті әрі атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Балалар церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы мектеп оқушысы Исаак Мустопуло «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және British Council ұйымдастырған байқудың арнайы сыйлығына ие болды. Байқау барысында жас ғалым «Үндестік теориясы» деп аталатын видеоролигін ұсынды. Онда ғарыш аппараттарына арналған электр энергиясының өндірістік процесі көрсетілген.

Исаак өзінің кумирі Стивен Хокингпен кездесуді ұзақ уақыт армандаған. Тараз қаласынан шыққан ол туғаннан мүгедектер арбасына таңылған. Өзінің арманы жайлы ол бұрын ҚР инвестициялар және даму министрі болған Әсет Исекешевке айтқан болатын.